Сауалнама: Ауылдың балалары әлеуметтік желіде аз отырады

«Ауыл балаларының 50 пайыздан астамы далада ойнағанды жақсы көреді, 16 пайызы әлеуметтік желілерде отырады».

Malim Админ

  • 01.06.2021

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Ауыл отбасының әлеуметтік портреті» тақырыбында жүргізген әлеуметтік зерттеулерін жариялады.  Бұл зерттеу аясында 54 ауылдық елді мекеннен 1200 респонденттен жауап алыныпты.

Сонымен зерттеу қорытындысына қарасақ, ауылды отбасыларындағы басты құндылықтардың үштігіне «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымы (63,9%), дәстүр мен әдет ғұрыптарды сақтау (41%) және өзара сүйіспеншілік пен мейірбандық (37,4%) кіреді екен.

«Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқан ауыл тұрғындарының 64%-ы отбасына, туыстарына және достарына уақыт бөлгісі келетінін айтыпты. 38,2%-ы уақытын теледидар мен интернетке жұмсайтынын жеткізген. Ал 19,3%-ы өз шаруаларымен айналысамыз депті.

Сауалнама балалар арасында да жүргізілген екен. Ауыл балаларының 50,8%-ы уақытын таза ауада, далада өткізгенді ұнататындарын айтқан.  36%-ы уақытын кино мен мультфильмге жұмсағанды жөн депті. 26,9%-ы үй шаруашылығына көмектеседі екен.

«Бұдан бөлек, бос уақытында ауыл балаларының 22,7%-ы мобильдік құрылғыларда отырса, 16,2%-ы әлеуметтік желілерге жұмсайды. Айта кетейік, респонденттер бірнеше жауапты таңдай алды). Зерттеу барысы көрсеткендей, ауыл тұрғындарының 74,2%-ы бала тәрбиесінде күш қолданғанды дұрыс көрмейді» делінген зерттеу хабарламасында.

Респонденттердің 88,2%-ы өз денсаулығын жақсы және қанағаттанарлық деп бағалапты.  Сауалнамаға қатысқан ауыл тұрғындарының 41,2%-нда денсаулығына байланысты ешқандай проблема жоқ екен. Ал 46,6%-ы салауатты өмір салтын ұстанамыз депті.

Жалпы, респонденттердің 72,1%-ы қалаға көшуге ниеті жоқтығын айтыпты. Қалған 27,4%-ы балаларының сапалы білім алуы, жақсы жұмысқа орналасу және басқа да перспективалар үшін қалаға көшкісі келетіндігін жасырмаған.

«Сондай - ақ, ауылдық тұрғындары бала туғанда берілетін жәрдемақы, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы сынды барлық мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан жақсы хабардар», - деген қорытындыға келіпті «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы.

Байланысты жаналықтар

Елімізде футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқарады

25.12.2024

Боксшы Нұрбек Оралбайдың «Қазақ аруы» Ақкербез Ысқаққызымен көңіл қосқаны рас па?

25.12.2024

Елдос Сметов пен Давид Дегтярев жылдың үздік спортшысы атанды

25.12.2024

Бокстан Қазақстан чемпионатында інісі ағасына жолын берді

24.12.2024

ҚФФ бас бапкер Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады

24.12.2024

Ауыр атлет Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңартып, алтын жеңіп алды

24.12.2024
MalimBlocks
Елімізде футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқарады

Боксшы Нұрбек Оралбайдың «Қазақ аруы» Ақкербез Ысқаққызымен көңіл қосқаны рас па?

Боксшы көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Елдос Сметов пен Давид Дегтярев жылдың үздік спортшысы атанды

Жамбыл облысы «Үздік спорттық өңір» номинациясын жеңіп алды

Бокстан Қазақстан чемпионатында інісі ағасына жолын берді

ҚФФ бас бапкер Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады

Ауыр атлет Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңартып, алтын жеңіп алды

Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмад