Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте әдеби байқаудың қорытындысы шықты

Спорт
Шымкентте әдеби байқаудың қорытындысы шықты

Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған көркем әдеби шығармалар байқауы мәреге жетті. Аталмыш байқауды қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырған.

Екі бағыт бойынша өткен шығармашылық байқауды поэзия жанры - «Қазақиям – азат ұям» тақырыбында, проза және драмалық шығармалар бойынша байқау «Өркендей бер, өр Елім» тақырыбында өтті. Шарт бойынша қатысушылар тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістігі жайл шығармалар ұсынуға тиіс болған. Айта кетерлігі, қатысушылардың жасына ешқандай шектеу қойылған жоқ. Тек Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұрса болды.

Арнайы тағайындалған қазылар алқасы кеңесе отырып, жүлдегерлерді анықтады. Поэзия бойынша бас жүлдені Арайлым Мұратәлиева алса, проза бойынша бас сыйлық бос қалды да, оның жүлдесінің орнына 8 ынталандыру сыйлығын тағайындады. Ал, екінші орын Камила Тілеповаға бұйырды.

Жеңімпаздарға бас жүлде 500 мың; екінші орын 300 мың, үшінші орын 200 мың теңгеден үлестірілді. Ынталандыру сыйлықтарына ие болғандар да 100 мың теңгеден марапатталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу