Танымал филолог Әлімхан Жүнісбек дүниеден өтті

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек 83 жасында дүниеден өтті.

  • 17.08.2021

 Әлімхан Жүнісбек 1938 жылы 12 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы (қазіргі Отырар ауданы), Қарғалы аулында туған. 1955 жылы Түркістан қаласындағы № 19 қазақ орта мектебін бітірген. 1958 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсіп, 1963 жылы бітіріп шыққан.

Профессор қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген. Латын графикасына көшу процесстеріне ерекше үлес қосқан тұлғалардың бірі.

Сингармониялық бағыт Ә.Жүнісбек еңбектердің арқасында қалыптасып, ғылыми айналымға түсіп, қалың оқырманға танымал болды. Негізгі еңбектері: «Қазақ грамматикасы» (сегментті фонетика бөлімі). Астана, 2002; «Қазақ фонетикасы». Алматы, 2009; Введение в сингармоническую фонетику. Алматы, 2009. Қазақша-орысша фонетикалық сөздік. Орал, 2009), «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Алматы, 2018. Түркі тілдерінде сөздік екпіннің жоқ екендігін дәлелдеп шыққан. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігін көрсете білді. Мыңнан аса фонетикалық атауларды құрастырып, айналымға ендірді.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды