Тарихи құжаттар көрмеге қойылды

  • 26.10.2021

Қазақтың тарихы, қасиетті жерлері, рухани-мәдени мұрасы, археологиялық қазба байлықтары, бәрі-бәрі бүгінгі Қазақстанның заманауи әлемдегі мәдениетінің көрсеткіштері. Өткенсіз бүгін жоқ. Байырғы бабаларымыз қалдырған ұлы мұраны келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі буынның басты міндеті. Осы тұрғыда соңғы жылдары ашылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихқа басқаша үңілу керек екенін көрсетіп берді. Осы бастамадан кейін біз елімізде өткен әрбір іс-шарадан Қазақстанның ғажап әрі мақтанышты тарихы туралы жиіс еститін болдық.

Сондай бір іс-шараның бірі - «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме. Тұсаукесері жаңа өткен көрме бір күндік шаруа емес, бұл тағы біраз уақыт бойы келушілерді қабылдайды. Бүгін ҚР МСМ, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында басталған көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов және зиялы қауым өкілдері архив, кітапхана, музей қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының магистранттары мен докторанттары және қала тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысып, онда қойылған архивтік құжаттар мен өзге де тарихи-көрнекі құралдармен танысты. Әрине, жиынның ашылуында ұйымдастырушылар сөз алды:

– Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты» деген болатын. Осы ретте, мемлекет тарихын, ұлт тарихын зерттеуде және оның ғылыми айналымға түсуіне жазба деректердің алатын орны маңызды. Жазба деректер – әр елдің, ұлттың, жердің тарихынан, мәдениеті мен рухани өмірінен мол мәлімет беретін құнды мұра, рухани байлық екендігін жас ұрпақтың санасына сіңіру, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Бұл көрмеден көруге болатын ең құнды жәдігерлер – хандарымыздың жазысқан хаттары мен олар пайдаланға карталар болды деуге болады. Парсы тіліндегі алты тарихи еңбек, төрт карта, оннан астам тарихи құжаттар мен хаттардың көшірмесі күнде-күнде көз алдыңа тартыла бермейтін тамаша жетістік екені дау туғызбайды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында жинақталған Қазақстан тарихына қатысты сирек мұралар ұзақ уақыт бойы келушілерге қызмет етеді. Әдетте көрме атаулы асса бір ай, болмаса, бірер күнде аяқталып жататын. Бұл көрме желтоқсан айының соңына дейін, жыл аяқталғанша тұра бермек.

Осындай көрменің тұсаукесер рәсімінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов пен  ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрлановалар да сөз сөйлеп, көрменің тарихи, ұлттық маңызына тоқталып, мұндай құжаттарды жинақтау мен оны ғылыми айналымға енгізудің машақаттары жайлы айтты. Әрине, ғылыми айналымға енгізген дұрыс, бірақ, өз елінің өткен тарихын білуге құштарлық кімнің де болса бойынан табылары сөзсіз. Міне, сондай азаматтар үшін осындай көрмелер бұл құжаттарды көпшілік айналымға да түсіреді деуге болады. Біз соңғы жылдары жиі айтып жүрген рухани жаңғыру дегеніңіз де осы болса керек.

Айта кету керек, көрменің тұсаукесер рәсімінен кейін Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері де қатысып, өнер көрсетті.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан Қысқы Универсиаданың алғашқы медалін жеңіп алды

14.01.2025

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

13.01.2025

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

11.01.2025

Тарихи жүлде: Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

10.01.2025

«Астана Аренаның» жасанды көгалы ауыстырылды

10.01.2025

Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан тарихи жеңіске қол жеткізді

10.01.2025
MalimBlocks
Қазақстан Қысқы Универсиаданың алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан 2-орынға тұрақтады

Ел спортшылары 2 алтын, 2 күміс еншіледі

Тарихи жүлде: Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды

«Астана Аренаның» жасанды көгалы ауыстырылды

Стадион халықаралық матчтарды өткізуге дайын

Қазақстандық спортшы фристайл-акробатикадан тарихи жеңіске қол жеткізді

Дінмұхаммед Райымқұлов жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды