«Тобыл» топ жарды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 30-шы маусымы мәресіне жетті.

  • 31.10.2021

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 30-шы маусымы мәресіне жетті. Жанкүйерлердің тағатын тауысқан, сегіз ай бойы ұйқысын қашырған аламанның бас жүлдесін Қостанайдың «Тобыл» командасы қанжығаларына байлады. Бұл жеңіс қостанайлықтарға оңай келген жоқ. Араға он жыл салып қол жеткізді. 

Чемпиондық атақ соңғы турда шешілді

Қазақстан премьер-лигасының 25-турына дейін көш бастап тұрған «Астана» командасы Алматының «Қайратынан» ұтылғаннан кейін (0:1) тізгінді «Тобылға» беріп қойды. Қостанайлық клуб елордалықтардың бұл жеңілісін сәтті пайдаланды. 25-турда олар өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 4:1 есебімен жеңіп, ұпай санын 58-ге жеткізді. Осылайша, биылғы маусымның чемпиондық атағы соңғы турда шешілетін болды. «Астана» 26-турда «Тұранмен» ойнаса, «Тобыл» «Ақжайыққа» қонаққа барды.

Осыдан 11 жыл бұрын ел біріншілігінде топ жарған қостанайлық клубқа «Ақжайықпен» болған ойында міндетті түрде жеңіске жету қажет еді. Солай болды да. Александр Москаленко шәкірттері жылдың басты ойынын еш қиналмастан өз пайдаларына шешіп, екінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Ал, «Астана» өз алаңында «Тұранды» ұта алмады. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Сонымен «Тобыл» 61 ұпаймен чемпион атанса, «Астана» 57 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Алматының «Қайраты» қола жүлдені қанағат тұтты. Қазақстанның былтырғы жылғы чемпиондары 51 ұпай жинады.

«Қызылжар» қайта бас көтерді

Қазақстан премьер-лигасының төртінші орын алған команданың тағдыры да соңғы турда шешілді. Петропавлдың «Қызылжар» командасы өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:2 есебімен ұтып, «Тобыл», «Астана», «Қайрат» командаларынан кейінгі орынға жайғасты.

Турнир кестесінде төртінші орынға тұрақтаған «Қызылжардың» қуанышында шек жоқ. Өйткені, олар келесі жылы Конференция лигасына қатысуы әбден мүмкін. Өйткені, қазір Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алған төрт команданың үшеуі ел біріншілігінің жүлделі орындарын иеленіп қойды. Яғни, олар Қазақстан кубогын жеңіп алмаса да, еурокубоктық бәсекеде бақтарын сынайды. Қазақстан кубогының жартылай финалындағы төртінші команда – «Шахтер». Қарағандылықтардың да мақсаты Еуропа алаңына шығу. Ол үшін, әрине, олар алдымен үздік төрттіктің арасынан топ жаруы тиіс. Егер «Шахтерге» ел кубогы бұйырмаған жағдайда, онда еурокубокқа «Қызылжар» қатысады.

Былтырғы маусымды тоғызыншы орынмен аяқтаған «Қызылжар» араға он жеті жыл салып, ең үздік нәтижеге қол жеткізіп отыр. 2004 жылы петропавлдық команда 6-орын алған.

Бір кездері Петропавл футболы өте қарқынды дамыған еді. Әсіресе, команданы белгілі қазақстандық маман Дмитрий Огай жаттықтырған тұста күміс (2000 ж) және қола (2001 ж) медальға ие болды. 1999 жылы украиналық бапкер Владимир Стрижевскийдің басшылығымен Қазақстан чемпионатын күміс жүлдемен аяқтаған.

Сұрмерген Томасов

Қазақстан Перемьер-лигасының қорытындысы бойынша бас мерген атағын «Астананың» ойыншысы Марин Томасов жеңіп алды. Хорватиялық легионер 23 ойында 17 гол соқты. Одан кейінгі орында «Қайрат» шабуылшысы – Антон Шушеначев – 19 ойында 12 гол. Сұрмергендер көшінің үздік үштігін «Тобылда» доп теуіп жүрген Игорь Сергеев қорытындылады. Өзбекстандық легионер 25 ойында 10 голдың авторы атанды.

Отандық бапкерлердің орны бөлек болып тұр

Бақтияр Байсеитов, Виктор Ярышев, Виктов Веретнов, Владимир Никитенко, Ваит Талғаев, Дмитрий Огай, Владимир Линчевчкий...

1992-2000 жылдар аралығында еліміздің клубтары осындай отандық мамандарға сенім артушы еді. Алайда кейінгі жылдары бұл үрдіс жоғалып, бас бапкерді сырттан әкелу көбейіп кетті. Соңғы жиырма жылды алып қарайтын болсақ, яғни, 2001 жылдан бері чемпион атанған бапкерлердің ішінде Дмитрий Огай (2002, 2003), Владимир Никитенко (2005) және Григорий Бабаян (2018) ғана Қазақстан азаматы екен. Енді міне, солардың қатарына «Тобылды» чемпиондық атаққа шығарған Александр Москаленконы да қосуға болады.

Москаленко өз жұмысына биылғы жылдың тамыз айында кірісті. Оған дейін команданы Григорий Бабаян жаттықтырған еді. Күзге таман Бабаян Мәскеудің ЦСКА клубының бапкерлік штабына ауысты да, орнына Москаленконы тастап кетті. Сондықтан «Тобылдың» чемпион атануына Григорий Бабаянның да қосқан үлесі зор.   

«Жетісу»

Талдықорғанның «Жетісуы» мен Қызылорданың «Қайсар» клубтары Қазақстан премьер-лигасымен қош айтысты. Жанкүйерлердің сенімі мен үмітін ақтамай, маусымды сүреңсіз өткізген бұл екі команда енді келесі жылы бірінші лигада ойнайды. Ал, Бірінші лигада үздік атанған «Мақтаарал» мен «Ақсу» командалары  келесі жылғы Премьер-лигада ойнайды.

Фото: «fctobol.kz»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

22.08.2024

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда оңбай ұтылды

26.07.2024

Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті

16.07.2024

Кеншілер зейнет жасын төмендетуді сұрап, петиция жариялады

06.07.2024

Қарсыластарының туын таптаған: «Қайрат» клубы жазаланды

11.06.2024

«Тобыл» клубының басшысы төрешілерден қиянат көріп жүргенін мәлімдеді

16.05.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда оңбай ұтылды

«Тобыл» клубы қарымта матчты 1 тамызда өткізеді.

Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті

Ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған.

Кеншілер зейнет жасын төмендетуді сұрап, петиция жариялады

Олар зейнетке шығуды 50 жасқа дейін төмендетуді ұсынды

Қарсыластарының туын таптаған: «Қайрат» клубы жазаланды

Федерация клубты да, клуб басшылығын да жазалады.

«Тобыл» клубының басшысы төрешілерден қиянат көріп жүргенін мәлімдеді

Ол Қазақстан футбол федерациясы мен төрешілер корпусына үндеу жасады.