Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

Спорт
Тоқаев жаңа мереке күнін енгізуді ұсынды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлады  Ақорда.

"Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" ретінде елге адал қызмет ету - әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер", - деді Тоқаев. 2021 жылы үздік журналистер сыйлығы 25-ші рет беріліп жатыр.

"Бұл сыйлыққа қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ие болудың да символдық мәні бар. Сіздер егемендік жылдарында ұрпақтың бойына азаттық рухын сіңіруге зор үлес қостыңыздар. Мен мемлекет пен қоғамның ортасында  алтын көпір болып жүрген журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын. Әрқайсыңыз шынайы ақпарат таратудың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көріне береді деп сенемін. Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр", - деді Тоқаев.

Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығы келе жатқанын айтып, Радио қызметкерлері күнін ресми бекітуді ұсынды.

"Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын", - деді Тоқаев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу