"Халқымды жақсы көріп барамын"

Malim Админ

  • 10.08.2020

Белгілі беларусь жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Светлана АЛЕКСИЕВИЧ президенттік сайлаудан кейінгі митингіге қатысты пікір білдірді. Қаламгер ойы фейсбуктағы парақшасында жарияланды.

«Интернет өшкелі жатыр. Түнімен Минскіде әскери техникалар жүрді. Күштік  құрылым қаланы қоршап алды. Көшедегі көліктерден Виктор ЦОЙДЫҢ «Перемен! Мы ждем перемен!» әні шырқалды. Мен халқымды жақсы көріп барамын», - делінген жазушының фейсбук парақшасында.

Беларусь қалаларындағы митингілер кеше  мемлекеттік экзит-поллдың мәлімдемесінен кейін басталды. Орталық сайлау комиссиясы қортында жасамай тұрып, Александр ЛУКАШЕНКО 79,9 пайыз дауыс жинады деген хабар халықтың наразылығын тудырды.

Ресми мәлімет бойынша Беларусь Республикасының 80 пайыздан аса халқы дауыс берген. Митинг кезінде Минсктің көшелері жабылып, метро жұмысы тоқтады. Және байланыс өшірілді. Күштік құрылымдар көзді ашытатын газ бен резеңке сойыл қолданды. «Говорите громче» халықаралық қозғалысының хабарлауынша бір адам полициямен қақтығыс кезінде көз жұмыпты.

Белорусь ОСК ширек ғасырдан бері билікте келе жатқан Александр Лукашенко 80,2 пайыз дауыс жинағанын, ал оппозиция лидері Светлана ТИХАНОВСКАЯ 9,9 пайызға ие болғанын мәлімдеді.

2015 жылғы Нобель сыйлығының иегері Светлана Алексиевич Александр Лукашенко саясатын сынап келеді. Бір кездері жазушының кітабын шығаруға билік тыйым салған. Сондай-ақ, жазушы Украинадағы соғысқа ресми Кремльді кінәлі деп мәлімдеген еді.

Фото ғаламтордан алынды.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды