Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО әкімі Алтай ауданының жаңа даму бағдарын таныстырды

Қоғам
ШҚО әкімі Алтай ауданының жаңа даму бағдарын таныстырды
Фото: ШҚО әкімдігі

ШҚО-ның Алтай ауданында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағановтың халықпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмыс сапары барысында әлеуметтік-экономикалық даму, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Әкім атап өткендей, Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай экономикалық өсімді екі еселеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде экономиканы әртараптандырудың жүйелі бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Аймақтық жобалық офис құрылды, барлық қала мен ауданның бесжылдық экономикалық өсу жоспарлары бекітілді, ауылдық округтер үшін «жол карталары» әзірленді. Әрбір әкіммен 2025 жылға арналған KPI көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі меморандумдар жасалған.

«Біз өсім нүктелерін кеңейту, экономиканың тұрақтылығын арттыру және инвестиция тарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз», — деді Сақтағанов.

Оның айтуынша, Алтай ауданы агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және туризм салаларында айтарлықтай әлеуетке ие.

Соңғы екі жылда ауданда бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылды:

Алтай қаласында демалыс орталығы салынды;

Полянское ауылында 1075 бас малға арналған сүт-тауар фермасы ашылды;

Чиркаин ауылында ферма 600 басқа дейін кеңейтілді;

Северное ауылында «Алтай аңыздары» атты ат клубы жұмысын бастады;

Серебрянскіде жылына 400 мыңға дейін форель шабағын өсіретін цех іске қосылды;

Ермаковкада балық шаруашылығы кеңейтіліп жатыр;

техногенді шикізатты өңдеп, алтын мен күмісті алу фабрикасының құрылысы жалғасуда;

Алтай қаласында қысқы спорт түрлеріне арналған кешен салынып жатыр.

Туризм саласында да өсім байқалады. Малеевск ауылында демалыс базасы аяқталып, Снегирево ауылында апитерапия қызметтері бар қонақ үйлер ашылды. Жаңа Бұқтырмада «Мелада» демалыс базасы жаңғыртылып, «Пристань» туристік жол бойындағы кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Ауылдың абаттандыру жұмыстары жалғасып, елді мекеннің заманауи сәулеттік келбеті қалыптасуда.

2029 жылға дейінгі ауданның даму жоспарында 21,5 млрд теңге бюджет қаражатын және 121,8 млрд теңге жеке инвестиция тарту көзделген.

Агроөнеркәсіптік кешен аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Оның үлесі облыс экономикасының 10,5 пайызын құрайды. Ауданда жылына 13,5 мың тонна өнім өндіретін бес сүт-тауар фермасы бар — бұл облыс көлемінің 6,3 пайызы.

Алтай ауданы өнеркәсібі облыстың 1,2 пайызын құрайды, оның 58 пайызы — өңдеу секторы. Негізгі өндірістер — цемент және әк шығару.

Ұлттық пул аясында облыста жалпы құны 53,2 млрд теңгені құрайтын сегіз ірі инвестжоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде Серебрянскіде 5,8 млрд теңгеге суару машиналарын шығаратын желіні іске қосу бар.

Биыл ауданда жылу көздері 284,4 млн теңгеге жөнделді. Жаңа Бұқтырмада құны 9,2 млрд теңге болатын квартлараралық жылу желілерін реконструкциялау жалғасып жатыр.

Серебрянскінің жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға 300 млн теңге бөлінген. 2025-2026 жылғы жылу маусымына арналған отын сатып алуға 414 млн теңге қарастырылды.

Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдарға жылу маусымын сапалы өткізу бойынша тапсырма берді.

Ауданда бес қазандық жұмыс істейді, орталық жылуға 2441 нысан қосылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу