Стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қаңтар айының соңында Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған еді. Бұған дейін оның компаниясының 18,9 мың рубль салық берешегі болған, деп хабарлайды, деп хабарлайды Malim.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Сабуровтың компаниясы кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар өндірумен, сондай-ақ оларды таратумен айналысады. Өткен жылдың қараша айында компанияның 18,9 мың рубль көлемінде өтелмеген салық қарызы болған.
Қазір компанияның салық пен жарналар бойынша берешегі жоқ. «БИР-Аналитик» мәліметінше, 2026 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша компанияда іскерлік белсенділік белгілері байқалмайды, ал заңды тұлғаның мекенжайы сенімсіз деп танылған.
Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға - 2076 жылға дейін тыйым салынған. Бұл шешім туралы ол Мәскеуге ұшып келген кезде білген, кейін бірден Алматыға қайтқан. Оқиға әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланды.
Тележүргізуші Ксения Собчак Сабуровты қолдап, жағдайды «синхронды шабуыл» деп атады. Кейін Сабуров Таиландта концерт беріп, стендапының едәуір бөлігін Ресейге кіруге тыйым салу тақырыбына арнаған.