freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шұғыл хабар! Еліміздің бас педагогы барша мұғалімнің бас қайғысына айналған мәселені көтерді

Білім-ғылым
Шұғыл хабар! Еліміздің бас педагогы барша мұғалімнің бас қайғысына айналған мәселені көтерді
Informburo.kz

Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе ретінде мұғалімдердің жас ерекшелігін атады. Оның айтуынша, жасы үлкен педагогтер цифрлық технологиялардың жылдам енгізілуіне бейімделуде қиындыққа тап болады, бұл өз кезегінде білім сапасына әсер етеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарт мұғалімдер – білім беру жүйесі үшін негізгі сын-тегеурін

Министрдің айтуынша, Қазақстанда жас мұғалімдердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

"50 жастан асқан мұғалімдердің үлесі артып келеді, ал 35 жасқа дейінгі жас мамандардың саны шамамен 15 пайыз ғана. Бұл – OECD елдерінің орташа көрсеткішінен төмен", – деді Сүлейменова.

Оның пікірінше, бұл жағдай алаңдатарлық. Себебі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының көбеюі мен жасанды интеллект технологияларының кеңінен енгізілуі аясында жасы үлкен мұғалімдердің цифрлық жүйелерді қолдану мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін. Әсіресе бұл мәселе ауылдық жерлерде айқын сезіледі.

Министрлік мұғалімдерді жиі марапаттауды жоспарлап отыр

Оқу-ағарту министрлігі жасы үлкен педагогтерді даярлау мен қайта даярлау бойынша жаңа шараларды енгізуді жоспарлап отыр. Оларды цифрлық сауаттылыққа және заманауи білім беру стандарттарына бейімдеу мақсатында арнайы оқыту бағдарламалары күшейтіледі.

Сонымен қатар жас мұғалімдер үшін тәлімгерлік бағдарламалар әзірленуде.

Бұдан бөлек, министрлік мұғалім мамандығының беделін арттыруды көздеп отыр. Атап айтқанда, педагогтерді халықаралық тағылымдамаларға жіберу, оларды жиі марапаттау және қоғамда ұстаз еңбегінің қадірін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу