Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент көшесінде атыс болды

Сұқбат
Шымкент көшесінде атыс болды

Шымкентте қару ұстаған ер адам қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Салдарынан бір адам жарақат алды.   Бұл туралы  Рolisia.kz мәлімдеді. 

«Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері жеткен. Күзетшілер мен қаруланған белгісіз ер адам арасында атыс болды.

Күзетшінің бірі жараланды. Қолында қаруы бар адамды патруль полициясы мен Тұран аудандық полиция бөлімінің криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады», - делінген полиция мәліметінде.

Белгілі болғандай, ер адам Өзбекстан азаматы. Ол Шымкенттегі жалдамалы пәтерде тұрып келген.

«Одан шолақ аңшы мылтығы және ұрланған Сайга карабині тәркіленді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.       

   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу