Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте 30 орындық инсульт орталығы ашылды

Сұқбат
Шымкентте 30 орындық инсульт орталығы ашылды

Шымкент қаласндағы №2 қалалық аурухана базасында жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды. Бұл орталықтың ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов тікелей қолдау көрсеткен.

Жаңадан ашылған бұл орталықта медицина мамандары Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсететін болады.

Орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 30 орынға арналған мекемеде соңғы үлгідегі экспресс-класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы рентген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орналастырылған.

Мұндай жаңа техникамен жұмыс істеу үшін осы құрылғыларды меңгеру мақсатында медицина мамандары шет елдерге барып, арнайы оқып, біліктілігін арттырып келіпті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу