freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте бір отбасының 3 адамы көз жұмды

Оқиға
Шымкентте бір отбасының 3 адамы көз жұмды
Pixabay

Алдын ала мәлімет өлімнің себебі көмірқышқыл газымен улану екенін көрсетіп отыр. Оқиға салдарынан анасы, оның ұлы және әжесі көз жұмған, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдайды алғаш көршілері байқаған. Үй тұрғындары пәтер иелеріне хабарласуға бірнеше рет тырысқанымен, ешкім жауап бермеген. Осыдан кейін олар құтқару қызметін шақырған.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, "112" пультіне хабарлама 8 ақпан күні сағат 16:36-да түскен.

 "Күншығыс" шағынауданында пәтер иелері ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді, – деп нақтылады қалалық ТЖД өкілдері.

Белгілі болғандай, пәтерден үш адамның мәйіті табылған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай көмірқышқыл газынан уланудан болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу