Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте бұрынғы жергілікті полиция қызметкері ұсталды

Саясат
Шымкентте  бұрынғы жергілікті полиция қызметкері ұсталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы ұсталып,  уақытша ұстау изоляторына қамалды.   Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы қызмет бабын пайдаланып,  алаяқтық жасау бойынша тергеуге алынған. Бұл туралы Шымкент қаласының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Бұған дейін М. Бұхарбаевтың қоластындағы полиция қызметкері әлеуметтік желіде оның ақша жинауға мәжбүр еткенін айтқан.  

«Биылғы жылдың 25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды»,- деп жазылған  департамент таратқан хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу