Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

Оқиға
Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кеткен

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

31-арна мәліметінше, 30 жастағы айыпталушының шизофренияға шалдыққаны анықталған. Қолын қанға малған Дархан Жорабеков түрменің орнына психикалық орталыққа жіберілді.

Яғни, ол қанды қылмысқа барғанда ақыл-есінде ауытқуы болған екен. Айыптау актісіне сәйкес, жігіт мүгедек анасын алдымен пышақтаған. Кейін қансыраған денесін далаға шығарып, өртеп жіберген. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

Судьяның айтуынша, егер қаскөй арнайы диспансерде ауруынан айықса, абақтыға ауыстырылады.

"Сотталушы – шизофренияның параноид түрімен ауыратын науқас. Қылмыс жасаған кезде ол өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған және оны бақылауға қабілетсіз болған. Яғни, есі дұрыс емес адам ретінде ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Мұндай азаматтарға жаза емес, ем қабылдау шарасы қолданылады", – деді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әлинұр Қарабаев. 

Фото: Видеодан алынған кадр 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу