Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте өндірістік база салынатын жер мемлекетке қайтарылды

Экономика
Шымкентте өндірістік база салынатын жер мемлекетке қайтарылды

Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде өндірістік базаны теміржол тұйығымен бірге жобалау мен құрылысын салу үшін арналған жалпы ауданы 0,3155 га жер телімі ұзақ мерзім бойы пайдаланылмай жатқаны анықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Департамент тарапынан ЖШС-ға жер заңнамасы талаптарының тәртіпбұзушылықтарын жою туралы бір жыл мерзімде орындалуы тиіс нұсқама жолданған. Нұсқама талаптары орындалмауына байланысты Департаменттің жер телімін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арызы берілген. Соттың 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылған.

Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу