freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Қоғам •
Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

39 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова он баланың анасы атанды, деп хабарлайды Malim.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Келіншектің 6 қараша күні толғағы ұстап, қалалық перзентханаға жеткізілген. Тоғыз баланың анасы оныншы сәбиін табиғи жолмен босанған. Перзентхананың медициналық қызметкерлері тарапынан қажет көмек көрсетілді. Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 10 баланы 20 жылда өмірге әкелген. Көпбалалы отбасы қазір Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нурислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Көпбалалы ата-ананың үлкен балалары қазір студент атанып үлгерген. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу