Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таиландта жойқын зілзаладан зәулім ғимарат опырылды

Әлем
Таиландта жойқын зілзаладан зәулім ғимарат опырылды

Таиланд астанасы Бангкокта жер сілкінісінен салынып жатқан көпқабатты ғимарат опырылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Желіде зілзала салдарының адамшошырлық бейнелері пайда болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмада орналасқан. Таиланд астанасында дүмпу қатты болғаны соншалық, бассейндерден су төгіліп, салынып жатқан зәулім ғимараттардың бірі опырылды. 

"Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Таиланд астанасында метро және басқа да қоғамдық көліктер жұмыс істемейді", - делінген хабарламада. 

Билік өкілдері Банкоктағылардан қауіпсіз жер табуды сұрады.

Мьянмада магнитудасы 6,4 балға жететін жер сілкінісі қайталанған.

Еске салайық, бүгін түнде Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл Меркіде болды. 

Фото: t.me/ostorozhno_novosti

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу