Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Оқиға
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұржан Абдалимов тағайындалды.


Нұржан Абдалимов 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар «Қайнар» академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығында аға оператор болып бастаған. 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы, 2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, 2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болды. 2019-2021 жылдары «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-де бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Еске салайық, 15 қазан күні Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.

Сондай-ақ Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Бүгін Талғар қаласына жаңа әкім сайлауы өтеді.

Фото: Талғар әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу