Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тамақ пен несиеден ауыспайды. Статистика жарық көрді.

Экономика
Тамақ пен несиеден ауыспайды. Статистика жарық көрді.

IMAGE: ©zakon.kz (pexels)

Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мәліметі бойынша, биылдың II тоқсанында қазақстандықтардың отбасы шығыны 1 млн 23 мың 254 теңгені құраған. Бұл туралы zakon.kz басылымы жазыпты.

Осы соманың 933 мың 868 теңгесі немесе 91% астамы - тұтыну шығындары екен. Тұтынудың, жинақ жасауға мүмкіндік бермейтін мұндай шығыны табыстың аздығын көрсетеді.

Тұтынудың құрамында - тамақ шығыны көп, ол 52% немесе 536 мың 210 теңгені құрап отыр. Бұл - халықтың басым бөлігі үшін азық-түлік басты орында екенін көрсетеді.

Одан кейінгі шығындар - азық-түлікке жатпайтын тауарлар (22%) мен ақылы қызметтер (20%) екен.

Сонымен бірге, несие сияқты қаржылық міндеткерліктер 66 мың 451 теңгеге тең болып отыр немесе жалпы шығынның 6,5% құрайды. Аталған шығын ақылы қызметтерге шығынмен шамалас. Бұл - халықтың несиеге әбден кіргенін көрсетеді.

Өңірлер арасындағы шығын айырмашылығы өте үлкен. Шығындардың өңірлер бойынша тізімінде, есептік тоқсан ішінде 1 млн 449 мың 775 теңгемен Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мысалы, Шымкент қаласындағы отбасының шығыны сол Ұлытаудағыдан 1.97 есеге кем.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу