freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тараз тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі өткеннен кейін үйіне оралды

Құқық
Тараз тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі өткеннен кейін үйіне оралды
azh.kz

Жамбыл облысында ерекше жағдай орын алды: әйел адамды қайтыс болды деп танып, оған өлім туралы куәлік берілген, алайда бір айдан кейін ол үйіне оралған. Бұл туралы Malim.kz Tengrinews.kz пен облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғалу және қате тану

Талапкердің 1953 жылы туған анасы 2024 жылдың тамыз айында Тараз қаласындағы әпкесінің үйіне көшіп барған. 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін ол жоғалып кеткен. Анасының әпкесі полицияға жүгінген. 2025 жылдың тамыз айында ауыл маңындағы далада мәйіт табылып, осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Табылған мәйітті талапкер мен оның ұлы жоғалған анасының денесі деп таныған. Соның негізінде өлім туралы актілік жазба тіркеліп, өлім туралы куәлік берілген.

Әйелдің оралуы және сот талқылауы

Бір айдан кейін, 2025 жылдың қыркүйегінде, талапкердің анасы күтпеген жерден Жамбыл ауданына қарасты Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген. Талапкер анасының құқықтық мәртебесін қалпына келтіру үшін өлім туралы жазбаны жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап арыз берген.

Әйелдің өзі Құрбан айттан кейін Айша бибі ауылына барып, пияз жинау жұмысына орналасқанын, үй иесінің үйінде тұрғанын түсіндірген. Кейін зейнетақы төлемдері тоқтаған соң, Таразға келіп, өзін қайтыс болды деп танығанын білген. Талапкер анасының туыстарына немесе басқа жерлерге ұзақ уақытқа кетіп қалу әдеті болғанын атап өткен.

Сараптама және сот шешімі

Жамбыл аудандық соты табылған мәйіттің бөтен адамға тиесілі екенін анықтады. Полиция тарапынан мәйітті қайта қазып алу (эксгумация) жүргізіліп, қайталама сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалған. Сараптама нәтижесінде қайтыс болған адамның жеке басы анықталған. Өлім фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған.

Сот шешімімен талапкердің талабы қанағаттандырылды: өлім туралы куәлік жарамсыз деп танылып, өлім туралы актілік жазба күші жойылды. Шешім заңды күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу