Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Темекі бағасы тағы да қымбаттайды

Қоғам
Темекі бағасы тағы да қымбаттайды

Қаржы министрлігі бұйрық жобасын жариялады. Онда барлық темекі түрінің бағасы өсетіні жарияланған.


Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, ал қоғамдық талқылау 19 маусымға дейін жалғасады.

Баға өзгерісі келесі өнім түрлеріне қатысты болады: сүзгісі бар және сүзгісіз темекілер, папиростар, сигариллалар, қыздырылатын темекі өнімдері.

Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер салық және баға саясатын тиімді жүргізуге, сондай-ақ қоғам денсаулығын жақсартуға бағытталған, нақтырақ айтқанда — темекі тұтынуды қысқарту мақсатында қолға алынған.

Жоба мазмұнымен танысып, пікір қалдыру үшін «Ашық НҚА» сайтына кіріңіз.

Осыған дейін елімізде шылым шегетіндер азайып, вейп пен электронды темекіге әуестенушілер саны артқаны туралы жазылған болатын.

Фото: pixabay.com 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу