Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теңгенің қазіргі жағдайы 1994 жылғы девальвациямен байланысты - Марченко

Экономика
Теңгенің қазіргі жағдайы 1994 жылғы девальвациямен байланысты - Марченко

Ұлттық Банктің бұрынғы басшысы, банкир, қаржыгер Григорий Марченко валюта нарығындағы теңгенің қазіргі тұрақсыздығын 1990-жылдардағы шешімдермен байланыстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көп адам ұмытқан болар, алайда еліміздегі ең үлкен девальвация 1994 жылдың ақпанында болды. Бір айдың ішінде теңге бағамы 11-ден 40-қа, яғни 3,5 есе құлдырады. Сол кездегі Үкіметтің жоспары келесідей болған еді. Яғни Ұлттық Банк айналымға көп теңге шығарады, ал кәсіпорындар бір-бірінің қарызын жабады. Бұл жарлыққа сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, осындай істі жүзеге асырды. Осының салдарыны елдегі инфляция бір айда 46,5 пайызға жетті, - деді Марченко. 

Оның айтуынша, осындай макроэкономикалық қателік қазіргі жағдайға тікелей әсер етіп жатыр. 

Сол кезде осындай шаралар қолданылмағанда, қазір жағдай мұндай болмас еді. Біз қазір теңгенің долларға қатысты құны 500 теңгеден асып кетті деп уайымдап жатырмыз. Ал сол 1994 жылғы жағдай болмағанда, бүгінгі күні 200 теңгеден аса ма, аспай ма деп отырар едік. Сондықтан қазір елімізде болып жатқан жағдайлардың көбі сол 20-30 жыл бұрын қабыллданған шешімдердің салдары. Ал халық бәрін ұмытып қалды, - дейді бұрынғы Ұлттық Банк басшысы.

Ұлттық Банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың толық сұхбатын мына жерден көруге болады. 

Фото: Серикжан Ковланбаев

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу