Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

TikTok-ты ойлап тапқан Чжан Имин ең бай адам атанды

Әлем
TikTok-ты ойлап тапқан Чжан Имин ең бай адам атанды

TikTok әлеуметтік желісін ойлап тапқан Чжан Имин Қытайдың ең бай адамына айналды. Оның байлығы шамамен 50 миллиард долларға бағаланады.

41 жастағы қытайлық кәсіпкер 2021 жылы ByteDance бас директоры қызметінен кеткен болатын. Ол Қытайдағы ең бай адамдардың рейтингінде алғаш рет көш бастап тұр.

Қазір Қазақстан мен АҚШ-та TikTok желісін бұғаттау мәселесі талқыланып жатыр. АҚШ-та Қытай бұл платформаны ақпарат жинау үшін пайдаланады деп есептейді. Олардың пайымынша, бұл ақпаратты қытайлықтар Америкаға қарсы пайдалануы мүмкін.

Ал Қазақстан билігі TikTok балалар үшін қауіпті деп санайды. Себебі онда көптеген заңға қайшы контент жарияланады.

Фото: gazeta.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу