freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Саясат
Тоқаев әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысушыларды көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, 

Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын. Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мерекелік жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, өз кәсібінде жоғары табысқа жеткен әйелдерді мемлекеттік наградамен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқосуда сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса алуға болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу