Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

Мәдениет
Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

Тоқаев былтыр шілде айындағы жарлығына тағы өзгеріс енгізді. Былтыр Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы жарлық шығарған болатын.

Бүгін осы мораторий туралы жарлығына мынандай өзгердіс енгізді деп хабарлады Ақорда.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.

Хабарлама соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қолы мен дата тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу