Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Спорт
Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады.

Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда.

Қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу