, деп хабарлайды Malim.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп Axios басылымына берген сұхбатында Иранның жаңа көшбасшысын таңдауға өзі де қатысуы керек екенін мәлімдеді
Ол қаза тапқан жоғарғы көшбасшы Али Хаменеидің ұлы бұл қызметке лайық емес деп санайды.
«Олар уақытты босқа өткізіп жатыр. Хаменеиның ұлы – саяси салмағы бар тұлға емес», – деді Трамп.
Бұл сөзді ол сенбі күні қаза тапқан Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиның орнына негізгі үміткер ретінде оның ұлы Моджтаба Хаменеи қарастырылып жатқаны туралы ақпаратқа байланысты айтқан.
«Мен бұл тағайындауға дәл Венесуэлада Делси Родригеспен болғандай қатысуым керек. Хаменеиның ұлы мен үшін қабылданбайды. Біз Иранға бейбітшілік пен тұрақтылық әкелетін адамды қалаймыз», – деді Трамп.
Айта кетейік, Делси Родригес – Венесуэланың уақытша президенті. Ол қаңтар айында америкалықтар ұстап әкеткен елдің бұрынғы басшысы Николас Мадуро қызметінен кеткеннен кейін бұл лауазымды атқаруға кіріскен. Бұған дейін Родригес вице-президент болған.