Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп ВВС компаниясын жала жапты деп сотқа берді

Әлем
Трамп ВВС компаниясын жала жапты деп сотқа берді
Фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Би-би-си корпорациясын жала жапты деп сотқа берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, корпорация 2021 жылғы 6 қаңтарда жасаған баяндамасындағы сөздерін «Панорама» деректі бағдарламасында монтаждау арқылы бұрмалаған.

Трамп Британдық хабар тарату корпорациясы-дан 5 миллиард доллар өтемақы талап етіп отыр.

15 желтоқсанда Флорида штатындағы сотқа берілген талап-арызда Трамптың адвокаттары Би-би-сиді коммерциялық құқық нормаларын бұзды және 2021 жылғы 6 қаңтарда, оның жақтастары Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған күні айтылған сөздерін «қасақана, зұлым ниетпен әрі жаңылыстыратындай» етіп өңдеді деп айыптайды.

Би-би-си басшылығы әзірге талап-арыздың берілуіне қатысты ресми түсініктеме жасаған жоқ.

Қараша айында Би-би-си Трамптың сөздерін монтаждағаны үшін кешірім сұрағанымен, жала туралы мәлімдемелерге негіз жоқ деп, өтемақы төлеу талабын қабылдамаған.

Би-би-си-ге қарсы сотқа жүгінетінін Трамп қарашаның басында-ақ мәлімдеген болатын.

«Мен мұны істеуім керек деп ойлаймын. Олар айла жасады. Мен айтқан сөздерді өзгертті», — деді Трамп журналистерге.

Осыдан кейін ол корпорацияға сотқа беремін деген ескерту хатын жолдады.

Трамптың сөздерін монтаждауға қатысты дау британдық The Telegraph газеті Би-би-си-дің редакциялық стандарттар жөніндегі комитетінің бұрынғы тәуелсіз кеңесшісі Майкл Прескотттың қызметтік жазбасын жариялағаннан кейін өршіді.

Онда Прескотт Би-би-си басшылығының назарын корпорацияның флагмандық бағдарламаларының бірі — Panorama-да Дональд Трамптың сөзі мағынасы бұрмаланатындай етіп монтаждалғанына аударған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу