Әмірхан Балқыбек

Ол қазақ әдебиетінің интеллектуал тұлғасының бірі болды

Malim Админ

  • 09.11.2024

Әмірхан Балқыбек (1969–2014) 19 мамырда қазіргі Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда туған.

 1989–90 жылдары Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші болып қызмет атқарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1995 жылы журналист мамандығы бойынша бітірген. 

1995-2000 жылдары «Парасат», «Жас Алаш», «Ана тілі» секілді республикалық басылымдарда қызмет атқарған. «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі, «Жас қазақ» газетінің әдебиет бетінің редакторы, «Дала мен қала» газетінде әдеби редактор, «Қазақ энциклопедиясы» баспасында редактор болып істеді. 

Өлең топтамалары «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» іспетті ұжымдық жинақтарға кірген. 

1996 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Метаморфоза», 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Сынған сәуленің шағылысуы» жыр жинағының және «Қасқыр құдай болған кез» (2008) кітабының авторы. 1997, 1998 жылдардағы ҚР Президенті стипендиясының иегері. Алматы қаласында тұрған үйінде ескерткіш тақта орнатылып, Ә.Балқыбек атындағы мүшәйра өтті.

Ол қазақ әдебиетінің интеллектуал тұлғасының бірі болды. Әр жылдары жазған мақалалары оқырманға үлкен ой салды. Оны іздеп жүріп оқитын тұтас буын қалыптасты.

Байланысты жаналықтар

Қазақ жазушысы Нобель сыйлығын қашан алады?

05.02.2025

Будда бірде дүниеге келгенде...

17.01.2025

Әмірхан Балқыбек. Ақынның апологиясы

11.12.2024

Әмірхан Балқыбек. Қасқыр Құдай болған кез

05.12.2024

Әмірхан Балқыбек. Гете немісті жек көрген бе?

05.12.2024

Әмірхан Балқыбек. Гомер «Илиадасы», түркілер және мәңгілік қала

03.12.2024
MalimBlocks
Қазақ жазушысы Нобель сыйлығын қашан алады?

Ақын, түрколог Әмірхан Балқыбектің мақаласы.

Будда бірде дүниеге келгенде...

Әмірхан Балқыбек. Ақынның апологиясы

Әмірхан Балқыбектің таңдаулы мақалалары

Әмірхан Балқыбек. Қасқыр Құдай болған кез

Белгілі ақын, мифолог, түрколог, зерделі сыншы Әмірхан Балқыбектің (1969-2014) мақалалары ұлт оқырмандары терең зердеге жетелейтін. Біз алдағы уақытта ақынның әйгілі мақалаларын ұсынатын боламыз.

Әмірхан Балқыбек. Гете немісті жек көрген бе?

Марқұм Әмірхан Балқыбектің (1969-2014) бұл мақаласы кезінде "Дала мен Қала" газетінде жарық көріп еді. Олжас Сүлейменовке қарсы сөз қозғайтын топ туралы толғанып, бүгінгі қазақ неге Олжасты жек көреді деген сауалға жауап берген. Біз ақынның сол мақаласын ұсынып отырмыз.

Әмірхан Балқыбек. Гомер «Илиадасы», түркілер және мәңгілік қала

Ақын Әмірхан Балқыбектің мақалалары