Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тұрақты табыстары болды": Атырауда жоғалған отбасы туралы ауыл әкімі тың деректерді айтты

Қоғам
"Тұрақты табыстары болды": Атырауда жоғалған отбасы туралы ауыл әкімі тың деректерді айтты
Атырау облысы ПД

Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің жазуынша, ауыл әкімі Қанат Ғайса жоғалған отбасы жайлы тың мәліметтерді бөлісті. Оның айтуынша, аталған отбасы бұрын-соңды күмән тудырмаған, қоғамнан оқшауланған немесе оғаш әрекеттерімен көзге түспеген.

"Олар әкімдікке ешқашан көмек сұрап келген емес. Себебі тұрақты табыстары болды. Отбасында екі зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі екі адам бірге тұрды. Шамамен жиырма шақты қойы, оннан астам ірі қарасы бар еді, сол арқылы күнкөрісін қамтамасыз еткен", – деді ауыл әкімі.

Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, бұл отбасы ауыл мен қала арасында қатынайтын такси қызметін де пайдаланбаған.

"Ауылымыз шағын. Мұнда бөтен көлік келсе немесе біреу көшіп кетсе, бірден байқалады", – деді ол.

Әкімнің мәліметінше, отбасы мүшелері мемлекеттік мекемелерге де жиі бармаған. Соңғы рет әйел адам 28 қазанда қан қысымының көтерілуіне байланысты дәрігерге қаралған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу