Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда билік 500 қабірді алдын ала қазып қойды: себебі неде? (ВИДЕО)

Әлем
Түркияда билік 500 қабірді алдын ала қазып қойды: себебі неде? (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Түркияда билік қыс мезгіліне дайындық аясында 500 қабірді алдын ала қазып қойды. Түркияның шығысындағы Эрзурум қаласында қыста ауа температурасы минус 35 градусқа дейін төмендеп, жер қазу ісі мүмкін болмай қалады. Осыған байланысты жергілікті билік қабірлерді қыс түспей тұрып дайындап қояды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің жазуынша, биыл Эрзурум үлкен қала муниципалитеті қар мен қатты аяз басталғанға дейін 500 қабірді алдын ала қазып, пайдалануға әзірлеген.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, бұл – жыл сайын атқарылатын жоспарлы жұмыс.

"Эрзурумда қыс ұзақ әрі қатаң өтеді. Суықта топырақ темірдей қатып, қабір қазу мүмкін болмайды. Сондықтан әр күзде осындай дайындық жүргіземіз. Биыл да 500 қабір қыс мезгілінде қолдануға толық дайын", – деді әкімдік өкілдері.

Билік бұл тәжірибенің жергілікті дәстүрге айналғанын атап өтті. Қатты аяз кезінде жерлеу рәсімдерін қиындықсыз өткізу үшін осындай алдын ала шаралар қажет.

Бұл бастама тұрғындар арасында әрқилы пікір туғызды. Бірі мұны "табиғи жағдайға байланысты амалсыз шешім" деп қабылдаса, енді бірі "өмірдің қысқалығы мен қаталдығын еске салатын көрініс" деп бағалады. Әлеуметтік желілерде "Туғанда бесігің дайын, өлмей тұрып қабірің дайын", "Қабір дайын, ал біз дайынбыз ба?" деген пікірлер де жазылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу