freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адамға жаза күшейтілді

Қоғам
Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адамға жаза күшейтілді
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысында әкесіне қатыгездік көрсеткені үшін сотталған азаматқа қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралып, жаза мерзімі ұлғайтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы бірінші сатыдағы үкімді тым жеңіл деп танып, оны өзгертті. Нәтижесінде сотталған Алмас Садақбаевтың жаза мерзімі 5 жылдан 6 жылға дейін ұлғайтылды.

Сот дерегінше, айыпталушы дәрменсіз күйдегі жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, оған тән және психикалық азап келтірген. Сонымен қатар, өз әкесіне қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын салған.

Апелляциялық сот бұл әрекеттерді ерекше қатыгездікпен жасалған деп бағалап, жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабар бермегенін ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сот қаулысы 31 наурызда заңды күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу