Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістандағы жеке тұрғын үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

Сұқбат
Түркістандағы жеке тұрғын үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік Түркістандағы жекеменшік үйлердің бірінде төрт бала мен бір ересек адам өлі күйінде табылғанын хабарлады.

"2021 жылдың 27 ақпанында  сағат 18.35-те Түркістан облысындағы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне "103" қызметінен Түркістан қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінен көршілер бес адамның мәйітін тапқанын, олардың төртеуі кәмелетке толмаған бала деген хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылмады. Үй табиғи газбен жылытылады", - деді төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

19 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатастағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 2015, 2016, 2017, 2019 жне 2020 жылы туылған әбилер қаза тапқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу