Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда тағы бір қазақстандық қаза тапты       

Сұқбат
Түркияда тағы бір қазақстандық қаза тапты       

Түркиядағы зілзала кезінде Кахраманмараш қаласында із-түссіз жоғалған   қазақстандық әйелдің денесі табылды.  10 ақпанда Алматыдан жеткен  туыстары оның Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова екенін таныған.   Сыртқы істер министрлігі «Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді»,- деп мәлімдеді.

Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беретін болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кахраманмарашта Жанар Жақсыбекованың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпады, тұрған жері - Кахраманмараш қаласы. Білетіндердің айтуынша, үй қираған кезінде марқұм оның ішінде болған.      

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу