Үкімет Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мәселелері бойынша 2024 жылғы 14 маусымдағы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Түзетулермен оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені ескере отырып, Үкімет аппаратының штат санының лимиті 589-дан 593-ке дейін ұлғайтылды.
Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің штат саны 332-ден 336-ға дейін кеңейтілді.
Қаулы 2024 жылғы 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.
Фото: интернеттен