Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Франциядан 100 Rafale ұшағын сатып алмақ

Әлем
Украина Франциядан 100 Rafale ұшағын сатып алмақ
Фото: Eliot Blondet/ABACA/picture alliance

Францияға ресми сапармен барған Украина президенті Владимир Зеленский ел президенті Эммануэль Макронмен әскери техника сатып алу туралы ниеттестік меморандумына қол қойды. Бұл құжатта Украина Франциядан 100 дана Dassault Rafale жойғышын сатып алуды жоспарлап отырғаны жазылға, деп хабарлайды Malim.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Меморандумға сәйкес, Украина Франциядан бірқатар әскери техникаларды қарастырады, оның ішінде Rafale жойғыштары да бар.

Зеленскийдің айтуынша, бұл ұшақтарды сатып алу Украинаға «әлемдегі ең қуатты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің бірін» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Украина француз-итальяндық SAMP-T әуе қорғаныс жүйелерін, сондай-ақ «әуе-әуе» класты зымырандар мен авиабомбаларды сатып алуды жоспарлап отыр.

«Биылдың өзінде біздің қорғаныс өнеркәсіптеріміз арасында бірлескен жобалар басталады: бірге дрон-ұстағыштар өндіреміз, украиналық ұшқышсыз аппараттарға интеграциялауға болатын маңызды технологиялар мен компоненттерді дамытамыз», — деді Зеленский.

Ол келісімнің 2035 жылға дейін күшінде болатынын атап өтті.

Елисей сарайы келісімді «тарихи» деп атады және Украина сатып алуды көздеп отырған ұшақтар санын растады. Алайда Франция мәміленің толық шарттарын жарияламады.

Reuters агенттігіне сұхбат берген дереккөздердің айтуынша:

  • Жойғыштардың бір бөлігі Францияның қоймаларынан тікелей берілуі мүмкін;
  • Негізгі партия ұзақ мерзімді перспективада жеткізіледі;

Украина жалпы әскери авиация санын 250 ұшаққа дейін арттыруды жоспарлап отыр (оның ішінде америкалық F-16 және швед Gripen ұшақтары да бар).

17 қарашада өтетін форумда украиналық және француздық дрон өндіруші компаниялар бірлескен өндіріс мүмкіндіктерін талқылайды. Алайда Франциядан қару-жарақ сатып алуды қаржыландыру тетіктері әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, Mirage 2000-5 көп мақсатты жойғыштарының алғашқы легі бастапқыда 2024 жылдың соңында беріледі деп жоспарланған, бірақ Франция оларды Украинаға 2025 жылдың ақпанында жеткізді. Бұған дейін украиналық ұшқыштар бірнеше ай бойы Францияда оқу-жаттығудан өткен.

Қазан айының соңында Лондонда өткен «еріктілер коалициясы» кездесуінде Макрон Францияның Киевке қосымша Mirage жойғыштарын және SAMP-T жүйесі үшін Aster зымырандарын беруге дайын екенін мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу