freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украинаны 300 дрон және 50 зымыран атқылады

Әлем
Украинаны 300 дрон және 50 зымыран атқылады
Фото: DW

Украина президентінің мәліметінше, 22 ақпанға қараған түні ел аумағына 300-ге жуық соққы беретін ұшқышсыз аппарат жіберілген, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Олардың басым бөлігі — Shahed дрондары. Сонымен қатар әртүрлі үлгідегі 50-ге жуық зымыран, оның ішінде баллистикалық ракеталар да қолданылған.

Шабуыл жасалған өңірлер: Киев қаласы мен облысы, Днепропетров облысы, Кировоград облысы, Николаев облысы, Одесса облысы, Полтава облысы, Сумы облысы.

Киев облысындағы Фастов ауданында соққы салдарынан бір адам қаза тауып, сегіз адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында бір бала бар.

Президенттің айтуынша, негізгі нысана — энергетикалық инфрақұрылым. Сонымен қатар тұрғын үйлерге зақым келген, теміржол нысандары бүлінген, кей өңірлерде электр қуатының үзілуі тіркелген.

Қазір тиісті қызметтер салдарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу