Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украинаның Николаев қаласына шабуыл жасалды

Әлем
Украинаның Николаев қаласына шабуыл жасалды

Бүгін түнде Ресей Украинаның Николаев қаласына баллистикалық зымырандармен соққы жасады. Қала ішінде барлығы 7 жарылыс болған, деп хабарлайды Malim.kz.


Gazeta.ua келтірген соңғы мәліметтер бойынша, 1 адам қаза тауып, жарақат алғандар саны 16 адамға жетті. Олардың үшеуіне амбулаториялық көмек көрсетілді.

Бұл туралы Николаев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Виталий Ким хабарлады.

Оның айтуынша, шабуыл сағат 02:30 кезінде С-300 типтегі зымырандармен басталған.

Инфрақұрылым нысаны, мейрамхана кешені, сауда павильондары, тұрғын үйлер, автокөліктер зақымдалды. Бірнеше жерден өрт шықты, оның салдарын жою бойынша шаралар әлі жалғасып жатыр, деді Ким.

Қазір шабуылдың салдарын жою шараларына 77 құтқарушы мен 14 техника жұмылдырылған.

Фото: gazeta.ua

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу