freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш адамның өмірін жалмаған өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген жүргізуші жауапқа тартылды

Құқық
Үш адамның өмірін жалмаған өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген жүргізуші жауапқа тартылды
видеодан скриншот

Бір үйдің үш бірдей баласының өмірін қиған қайғылы жағдай кезінде жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтірген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеп.   

«Жүргізушінің жеке басы анықталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертеді. Олардың айтуынша, жедел қызметтердің жолын бөгеген әрбір секунд адам өміріне қауіп төндіреді. Департамент өкілдері азаматтарды жауапкершілікке шақырып, төтенше жағдай кезінде құтқарушылар мен дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіру – заң алдында жазаланатын өрескел құқықбұзушылық екенін тағы да еске салды.

Естеріңізге сала кестек, төтенше жағдай Астананың сол жағалауындағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған. Түркістан көшесіндегі 21 қабатты үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар іштен ауыр күйік шалған әйелді алып шығып, жедел жәрдемге тапсырған. Қазір ол қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Алайда өрт салдары аса ауыр болды. Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар –  13 және 5 жастағы қыздар мен 2 жастағы ұл бала.

Куәгерлердің айтуынша, өрт кезінде балалардың әкесі үйде болмаған. Кейбір тұрғындар оның сыртта күйзеліс күйінде жүргенін көргендерін айтады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу