freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хантавирустың таралу қаупі төмен – БҰҰ

Денсаулық
Хантавирустың таралу қаупі төмен – БҰҰ
Фото: pixabay

Hondius круиздік кемесінде тіркелген хантавирус індетінің кең көлемде таралу қаупі төмен. Бұл туралы 2026 жылғы 11 мамырда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жағдайға қатысты пікір білдіріп, арнайы жазба жариялаған.

«Қазіргі таңда вирустың адам денсаулығына төндіретін қаупі төмен деп бағаланғанымен, Hondius кемесіндегі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау күштерін жұмылдыру маңызды», – деді Антониу Гутерриш.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, хантавирустың таралу ықтималдығын бақылауға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатқан елдердің билігіне қолдау білдіргенін айтты.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирустың қазіргі қауіп деңгейіне қатысты бағалау жасап, нақты деректер ұсынған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу