Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жалған турмен жарнама жасап, ақша жымқырған әйел ұсталды

Құқық
Жалған турмен жарнама жасап, ақша жымқырған әйел ұсталды

Алматыда шетелге саяхат ұйымдастыруды сылтау етіп, азаматтарды алдаған 26 жастағы әйел ұсталды.


Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті әлеуметтік желі арқылы туристік агенттік атынан хабарласып, жәбірленушілерге шетелге сапар уәде еткен. Алайда ақшаны алғаннан кейін, ол уәдесін орындамаған.

Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция тұрғындарға туристік қызметтерді таңдауда сақ болуды ескертеді.

Компанияның беделін алдын ала тексеріп, ресми келісімшарт жасаңыз және жолдаманы тек заңды тұлғаның ресми реквизиттері арқылы төлеңіз. Интернеттегі бейтаныс адамдарға ақшаңызды бермеңіз, — деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.

Фото: Алмалы аудандық полиция басқармасы

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу