freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба?" – Мақпал Жүнісова ел естімеген құпиясын ашып айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба?" – Мақпал Жүнісова ел естімеген құпиясын ашып айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріне қатысты көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Өнер иесі марқұм жары Заманбек Нұрқаділов дүниеден өткеннен кейін не себепті қайта тұрмыс құрмағанын ашық айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің сөзінше, күйеуі қайтыс болғаннан кейін шамамен 10 жыл өткен соң анасына бұл тақырыпта ой бөліскен. Алайда анасының жауабы күтпеген әрі қатал болған.

"Анама: "Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?" дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. "Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма" деді", – деп еске алады әнші.

Осы сөзден кейін Мақпал Жүнісова бұл мәселені қайта көтермегенін айтады. Ол анасының айтқанын заңдай қабылдап, оның пікірін бәрінен жоғары қойған.

Өнер иесі сондай-ақ анасының тыйымынан кейін өзіне ұсыныс жасаған жандарға да мән бермегенін жеткізді.

"Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Адамның анасы тірі болса, ол қанша жасқа келсе де өзін бала сезінеді", – дейді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова үшін марқұм жарының орны ерекше екені осы сөздерден-ақ аңғарылады.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі беделді өнер иелерінің бірі. Ол 1963 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылында дүниеге келген. 1981 жылдан бері "Қазақконцерт" бірлестігінің солисі ретінде шығармашылық жолын жалғастырып келеді.

Әнші халықаралық байқауларда топ жарып, небәрі 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағына ие болған. Ал 31 жасында оған Қазақстанның Халық әртісі атағы берілді.

Сонымен қатар өнер иесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлегі. Бүгінде ол профессор ретінде де белгілі.

Лирикалық сопрано дауысымен ерекшеленетін әнші халық әндерін, романстар мен джаз бағытындағы шығармаларды орындап, тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген.

Қазіргі таңда Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасының "примадоннасы", "Орта Азия бұлбұлы" ретінде танылып, оның концерттері әлі де көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие.

Бұған дейін әнші Мақпал Жүнісова әуежайда домбырасына байланысты күтпеген жағдайға тап болғанын айтқан еді. Сондай-ақ ол жеке концертінде бір ай бұрын ауыр сырқатқа шалдығып, жансақтау бөліміне түскенін алғаш рет айтқан болатын. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу