freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңадан пайда болған хантавирус қаншалықты қауіпті?

Денсаулық
Жаңадан пайда болған хантавирус қаншалықты қауіпті?
Фото: depositphotos.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Атлант мұхитындағы круиздік кемеде тіркелген хантавирус жағдайы коронавирус пандемиясының бастапқы кезеңіне ұқсамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, MV Hondius кемесінде болған індет жаһандық қауіп төндірмейді. «Бұл жағдайды COVID-19 пандемиясының алғашқы кезеңімен салыстыруға келмейді», – деген ол әлем үшін қауіп деңгейі төмен екенін атап өтті.

Бірнеше күн бұрын Атлантикада жүзіп жүрген MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус жұқтыру деректері анықталған. Кемеде барлығы 149 адам болған.

Соңғы мәліметке сәйкес, жеті жолаушыдан вирус табылып, олардың үшеуі қайтыс болған.

Сонымен қатар, адамнан адамға жұғуы мүмкін қауіпті түрі Швейцарияда бір науқастан анықталғаны хабарланды. Алайда ел билігі аурудың кең таралу қаупі жоқ екенін мәлімдеді.

Хантавирус – адам ағзасында өкпе немесе бүйрекке зақым келтіруі мүмкін вирустар тобы. Көп жағдайда ол кеміргіштермен немесе олардың бөлінділерімен байланыс арқылы жұғады.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректеріне сәйкес, бұл вирус ауыр, кейде өлімге әкелетін хантавирустық өкпе синдромын тудыруы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу