Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектер жол апатына ұшырады

Оқиға
Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектер жол апатына ұшырады

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқанын көруге болады. Кадрдан түлектердің жол талғамайтын көлікпен келе жатып жылдамдығын арттырғанын, сонан соң жолда шаң көтеріліп, салдарынан алдағы көлікке барып соқтығысқанын көруге болады.

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің бірі жол жиегіне шығып кетті. Жастарды ауыр жарақаттан қорғаныш жастықтары қорғап тәрізді. Бірақ соның өзінде де бірнеше ұл көліктен бастарын ұстап шығып жатыр.

Ал көпшілік видеоның астында түлектердің ата-аналарын жазалау керектігін жазып жатыр. Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді. 

Пикап жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу