Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жекеменшік мектептер моншалар мен қоймаларда ашылған

Білім-ғылым
Жекеменшік мектептер моншалар мен қоймаларда ашылған
Фото: gov.kz

Қазақстанда жекеменшік мектептер мен балабақшалар оқу жағдайына, балалардың қауіпсіздігіне және білім сапасына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін лицензиясынан және мемлекеттік тапсырыстан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі таңда елде 880-нен астам жекеменшік мектеп бар. Олардың 785-тен астамы цифрландырылып, мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Алайда министрдің айтуынша, мемлекеттік қаржыландыру алу лицензияның сақталуына кепілдік бермейді.

Министрді ерекше алаңдататыны – мектеп инфрақұрылымының жай-күйі.

«Моншаларда, қоймаларда ашылған мектептер бар. Олар 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, соңғы 5  жыл бойы мемлекеттік тапсырыс алып келген», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар – заңның тікелей бұзылуы және олар міндетті түрде жойылады.

Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, мемлекеттік тапсырыс алатын барлық жекеменшік мектептер жұмысын жалғастыра береді. Алайда наурыз айынан бастап оларды лицензиядан кейінгі қатаң бақылау күтіп тұр.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заң талаптарын сақтамаған және сапа стандарттарына сай келмейтін жекеменшік мектептерге қатысты қатаң мәлімдеме жасаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу