Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский Одесса әкімін Украина азаматтығынан айырды

Әлем
Зеленский Одесса әкімін Украина азаматтығынан айырды

Украина президенті Владимир Зеленский Одесса қаласының әкімі Геннадий Трухановты Украина азаматтығынан айырды. Мұндай шешімге шенеуніктің Ресей азаматтығына ие болуы себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz «Униан» агенттігіне сілтеме жасап.

Украина азаматтығынан Одесса әкімі Геннадий Труханов, бұрынғы халық депутаты Олег Царёв және балет әртісі Сергей Полунин айырылғанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, аталған тұлғалардың Ресей азаматтығына ие екендігі ресми түрде расталған.

Азаматтығынан айырылған жағдайда, Труханов автоматты түрде Одесса қаласының әкімі қызметін тоқтатады. 2014 жылдан бері қаланы басқарып келе жатқан Труханов бұл шешімге қарсы екенін айтып, «бұл — жалған ақпарат», деп мәлімдеді және сотқа шағымданатынын жеткізді.

Сонымен қатар украиналық БАҚ хабарлауынша, Одессада қалалық әскери әкімшілік құрылмақ. Әзірге оның басшысы ретінде Сергей Лысак — Украина Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы Днепропетровск облысы бойынша басқарма жетекшісі және қазіргі Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы — қарастырылып отыр.

Фото: t.me/truonline

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу