freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Зеленскийдің өзіне мұндай тыйым салынбаған». Нұрлан Сабуров концертте пікірін ашық айтты

Оқиға
«Зеленскийдің өзіне мұндай тыйым салынбаған». Нұрлан Сабуров концертте пікірін ашық айтты
Iz.ru

Танымал әзілкеш Нурлан Сабуровтың Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концерті Пхукетте өтіп жатыр. Бұл туралы Ресей журналисі Ксения Собчак телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz

Журналистің жазуынша, түсірілім жасауға тыйым салынған. Бүкіл стендапты басынан-аяқ айтып бермеймін, ешкімге зиян келтіргім келмейді, тек бірнеше қауіпсіз сәттерін атап өтейін, деп жазған ол. 

Әзілкеш өз концертінде Ксения Собчак туралы да айтқан, жылы сөзбен, бірақ әжуа араластырған.

«Қорғағаны үшін Собчакқа респект, бірақ шынымды айтсам: қажет емес, әйтпесе 500 жылға кіруге тыйым салып тастайды, концерттерді Сатурнның бесінші сақинасында өткізуге тура келеді», деп Сабуровтың әзілін келтірген.

Журналист, кез келген адамға жасалған әділетсіздікке қатысты оның ұстанымыма әлгі адамның оған деген көзқарасына еш әсер етпейтінін атап өтті.

Тағы бір әзілі: «Меніңше, көп адам концертке келген шығар, бірақ көбі “қылмыскерді” көруге келген сияқты. Тіпті Зеленскийдің өзінде мұндай тыйым жоқ шығар. 50 жыл. Мен не, Дракуламын ба?», деді Сабуров.

Сондай-ақ ол енді стендаптары соншалықты “патриоттық” болатынын айтты, тіпті жұрт “Владимир Соловьев иноагент емес пе өзі?” деп ойлап қалады деді.

Әуежайдағы ұсталу сәті туралы да аздап айтып өтті — оның сөзінше, әр екінші полиция қызметкері келіп, онымен суретке түскен.

"Қысқасы, еңсесін түсірмегені қуантады", - деп жазды Ксения Собчак.

Еске салайық, 6 ақпанда Сабуровтың Ресейге 50 жыл кіруіне тыйым салынғанын жазған едік. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу