Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

Оқиға
Жезқазған мен Сәтбаев әкімдіктері заңсыз ағаш кескен

Ұлытау облысында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының әкімдіктері заңсыз ағаш кескен, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, талдаумен жергілікті атқарушы органдардың Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы ағаштарды кесу жұмыстары "Өсімдіктер дүниесі туралы" Заңның талаптарына қайшы жасыл екпелерді түгендеусіз, фитопатологиялық зерттеп-қараусыз, олардың жай-күйінің мониторингін цифрландырусыз, сондай-ақ, көгалдандыру жөніндегі жұмыс және дендрологиялық жоспарларсыз жүргізілген.

Бұл тұрғындардың өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін олардың мүдделерінің бұзылуы туралы негізді наразылығын тудырды. Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша ағаштарды заңсыз кесу тоқтатылды, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдап жатыр. 

Одан бөлек, табиғат қорғау прокуратурасы Жезқазған қаласының Сейфуллин көшесінде төрт ағаштың заңсыз кесілгенін анықтады.

"Бұл дерек бойынша Жезқазған қаласының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз", - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура азаматтарды жасыл желектерді жоюға немесе зақымдауға әкелетін әрекеттерге жол бермеуге шақырды. 

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу