Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жоғары сот судьясы ұсталды

Саясат
Жоғары сот судьясы ұсталды

Жоғары сот судьясы Мейрам Жанғұттинов пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Время» басылымының мәліметінше, Жанғұттиновты 11 ақпанда жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп ұстаған. Ол 8 мың доллар пара алды деген күдікке іліккен.

2011 жылы экс денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 7 жылға дәл осы судья соттаған. Сол уақытта Досқалиевке де «аса ірі көлемде пара алды» деген айып тағылған. Ол кезде Жанғұттинов Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болған.

Бұдан бөлек, Мейрам Жанғұттинов ел есінде 2013 жылы елордада жарылыс жасамақ болған «Астана террористері» ісін қарауымен қалған. 2014 жылы оған Әділет академиясының «құрметті профессоры» атағы берілген.

Болжам бойынша, Жанғұттинов шымкеттік судьяға Нұр-Сұлтанға ауысу үшін көмектеспек болған. Осы көмегі үшін ол 25 мың доллар пара алмақ сұраған. Мейрам Жанғұттиновпен бірге пара берген шымкенттік судьяда ұсталған. Мейрам Жанғұттинов Жоғары соттың конкурстық таңдау кеңесінің мүшесі. Ол судьялардың елордаға ауысуына ықпал ете алатын болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу